Нұр-Сұлтанда газ тарифі бекітілді

692

"Сарыарқа" газ құбырының оңтүстік аймақтан елордаға дейін 1000 шақырымнан астам жолы тартылды.

Нұр-Сұлтанда газ тарифі бекітілді

Бұрын газдың текше метрі 60 теңге болса, әкімдік орталық уәкілетті органдармен бірге ақшаны үнемдеу мақсатында оны төмендету бойынша жұмыс жүргізді. Осылайша, газдың текше метрінің бағасы 45 теңгеге дейін төмендетілді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Елорда тұрғын аудандарында кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Железнодорожный тұрғын алабында 100%, Промышленный және Көктал-2 тұрғын алаптарында 95%, Көктал-1 тұрғын алабында 80% газ тарату желілері тартылған. Бұл жұмыстар Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүзеге асырылады.

Аталған тұрғынаудандар халқы, сондай-ақ Агроқалашық тұрғын алабының бір
бөлігі алдағы жылыту маусымында үйлерін газбен жылытады. Ол үшін тұрғындар үйлерді газға қосудың техникалық шарттарын алуға фронт-кеңселерге хабарласуы керек. Жеке сектор тұрғындары үшін әкімдік есептегіштерді тегін ұсынады.

"Елорданы газдандыру – Елбасының тарихи жобасы. "Сарыарқа" газ құбырының оңтүстік аймақтан елордаға дейін 1000 шақырымнан астам жолы тартылды. Бұл өте үлкен жұмыс, жобаға миллиардтаған қаражат құйылды, ол уақыт өте келе қайтарылуы керек. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындардың денсаулығына пайдалы әсер етеді, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді. Ақыр соңында, ұзақ қыс айларында бірнеше сағат сайын үйді жылытудың, көмір түсіріп, оны сақтаудың қажеті болмайды. Адамдар көміртегі тотығымен уланған жағдайлар болды. Бұл мәселелердің барлығы шешімін табады. Газ көмірге қарағанда салыстырмалы түрде қымбат, бірақ оның артықшылығы көп, ең алдымен бұл қауіпсіз отын түрі. Сонымен қатар биыл біз ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бірқатар
қазандықтарды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінеді, кезең-кезеңімен барлық тұрғын аудандар газға қосылады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу