Нұр-Сұлтанда Хорватия елшілігі ашылды

978

Қазақстанда құрылыс, ақпараттық технологиялар, азық-түлік өнеркәсібі және сауда салаларында 20-дан астам хорват компаниясы жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтанда Хорватия елшілігі ашылды

Бүгін Қазақстан астанасына Хорватия Премьер-министрінің орынбасары - сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Бурич ресми сапармен келді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов хорват әріптесімен келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және халықаралық мәселелерді талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс, инновация, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және туризм салалары перспективті бағыттар ретінде атанды.

Айта кетсек, 2016 жылдан бастап Хорватиямен екіжақты сауда 8 есеге өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 350 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстанда құрылыс, ақпараттық технологиялар, азық-түлік өнеркәсібі және сауда салаларында 20-дан астам хорват компаниясы жұмыс істейді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР білім және ғылым министрлігі мен Хорватияның ғылым және білім министрлігі арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан мен Хорватия СІМ басшылары Қазақстандағы шет мемлекеттің 70-ші өкілдігі болған Нұр-Сұлтан қаласындағы Хорватия Республикасы елшілігінің ашылу рәсіміне қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу