Кеше таңертең КВИ-мен күресу үшін жалпы саны 2 505 орны бар 14 стационар ашылып, жүктеме 71%-ды құраса, онда жаңа инфекциялық орындар ашылғаннан кейін жүктеме 58%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта ашылған инфекциялық төсек саны үш мыңнан асады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавируспен ауырғандардың көбеюіне байланысты қалада екі аурухана инфекциялық стационарға ауыстырылған болатын. Олар: Қалалық психикалық денсаулық орталығы және ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі. Жалпы төсек-орын қуаты: 300 орын.
9 шілдеден бастап №1 Көпбейінді қалалық аурухана ковидтік стационар ретінде іске қосылды. Бұл ауруханада тағы 600 төсек-орын ашылды.