Нұр-Сұлтанда кафелер мен мейрамханаларға түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді

956

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, тұрғын үйлерден тыс орналасқан кафелер мен мейрамханалар сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істей алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда кафелер мен мейрамханаларға түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді Фото: Мария Матвиенко

Тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін, ал демалыс күндері 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

"Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, үй-жай ішінде 30 отыратын орыннан аспайтын орын толтыру бойынша шарттарды сақтай отырып, көрші үстелдермен арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын отырғызуды сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық - профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Жұмыс және демалыс күндері кестесі сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін белгіленген. Ал тұрғын үйлерде орналасқан тамақтану нысандарының кестесі жұмыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін белгіленді. Көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін келушілердің ғимарат ішінде болуына тыйым салынады", – деп жазылған 2 ақпанда жарияланған қаулыда.

Санитарлық талаптар мен нормалар: маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу