Нұр-Сұлтанда қайырымдылық кеші өтті

1323

Кештен жиналған қаражат ерекше балаларға арналған көпсалалы оңалту орталығының құрылысына бағытталады.  

Нұр-Сұлтанда қайырымдылық кеші өтті

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған қайырымдылық кеші өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бұл туралы "Biz Birgemiz" қозғалысының жетекшісі Перизат Қайрат Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"1 желтоқсан ҚР тұңғыш Президент күні мерекесі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында қайырымдылық кешін ұйымдастыруды жөн көрдік", – деп жазды қозғалыс жетекшісі. 

Ол қайырымдылық кешінде көпбалалы 3 отбасыға пәтер берілгенін, қомақты қаражат жиналғанын атап өтті. 

"Кеште Ақмола облысында салынып жатқан ерекше балаларға арналған көпсалалы оңалту орталығынының презентациясы баяндалды. Сіздердей кең пейілді, жаны жомарт жандардың арқасында осы кеште қаржылай 48 млн 360 мың теңге жиналды", – деп жазды Перизат Қайрат. 

Сондай-ақ интерьер дизайнері Айдана Ерімбет қайырымдылық кешінен жиналған қаражат аталған көпсалалы оңалту орталығының құрылысына жіберілетінін жазды. 

"Қайырымдылық аукционында Lashyn арт-креслосы 13 млн теңгеге сатылды. Бұл кештегі ең қымбат лот болды. Бұған сене алар емеспін. Қайырымдылық кешінен жиналған қаражат ерекше балаларға арналған оңалту орталығының құрылысына бағытталады", – деп жазды Айдана Ерімбет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу