Нұр-Сұлтанда қала маңына жүретін автобустар қозғалысы тоқтатылды

1263

3 қаңтарда барлық қалалық және қала маңындағы маршруттар сағат 23: 00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ кейбір қала маңы бағыттары уақытша тоқтатылады. 

Нұр-Сұлтанда қала маңына жүретін автобустар қозғалысы тоқтатылды

Ауа-райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп жазды CityTransportationSystems Facebook парақшасында..

Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.

Еске салайық, 3 қаңтарда қатты аязға байланысты Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу