Нұр-Сұлтанда қаланың ортасындағы жеке үй өртенді

544

Өртті сөндіруге 19 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

Нұр-Сұлтанда қаланың ортасындағы жеке үй өртенді

"30 қазан күні сағат 11.40-та елордалық өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Темірқазық, 57 көшесінде жеке үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 11 сағат 41 минутта шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 4 бірлік техника мен жеке құрамның 19 адамы шықты. 11 сағат 47 минутта келген бойда екі қабатты коттедж бен оған жапсарлас салынған уақытша құрылыстың шатыры жанып жатқаны анықталды",– деген хабарлама таратты қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Департамент өрттен ешкім жарақат алмағанын, опат болғандар жоқ екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу