Нұр-Сұлтанда қандай жағдайда төтенше жағдай жарияланады?

826

Төтенше жағдай өкілі қыс мезгілінде төтенше жағдай жарияланса, қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.

Нұр-Сұлтанда қандай жағдайда төтенше жағдай жарияланады?

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров табиғаттың тосын мінезіне байланысты елордада жарияланатын төтенше жағдайлардың белгілерін атады.

"Ұзақ уақыт байқалатын, кемінде 12 сағаттан астам қар жауса, желдің жылдамдығы секундына 15 метр болатын қауіпті апаттар болса, сондай-ақ қар құрсауларының биіктігі 1 метрден, ал атаулы желдер 5-6 метрден асатын болса, төтенше жағдай енгізіледі. Бұл құбылыстар кезінде электр және байланыс желілерінің  үзілуі, ғимараттардың ішінара бұзылуы сияқты құбылыстар жиі орын алады. Бұрқасындар күшті қар құсауларының пайда болуына әкеледі. Бұл төтенше жағдайлар болып есептеледі", –  деді ол онлайн-брифингте.

Маманның айтуынша, жарияланған төтенше жағдай тұрғындарды жолға шығудан ғана шектемейді. Сондықтан әр тұрғын хабарлама алған бойда мынадай дайындық шараларын қолға алуы керек:

"Егер сіздер қатты бұрқасындар туралы ескерту хабарлама алсаңыздар, терезе-есікті, шатыр-люктерді және желдету салаларын тығыз жабыңыздар. Екі күндік су-тамақ, дәрі-дәрмектер, автономды жарық құралдарын (шам, керосин шамдары, майшам), жарықтық плита, батареямен істейтін радиоқабылдағыштар қорын дайындаңыз. Радиоқабылдағыш пен теледидарды қосыңыз және ақпараттың түсуін күтіңіздер. Күшті боран кезінде жалғыз шығуға тыйым салынады. Отбасы мүшелеріне немесе көршілеріңізге қайда бара жатқандарыңызды, қай жерде болатыныңызды хабарлап айтып кету керек. Егер елді мекеннен тыс жерде жаяу жүріп, бағдарды жоғалтсаңыз, бірінші жолыққан үйге кіріп, тұрған жеріңізді анықтап, 112-ге қоңырау соғып, көмек сұрауға болады",  –  деді Есен Байыров.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу