Нұр-Сұлтанда шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 11,9% өсіп, 401 мың адам болды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, қалада шағын бизнеспен шұғылданатын кәсіпкерлердің саны артып жатыр.
"ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 11,9% өсіп, 401 мың адам болды. Коронавирус пандемиясына қарамастан мемлекеттік қолдау шараларының арқасында осындай нәтижені көріп отырмыз. Шағын және орта бизнес өндірген өнім 38,7% артып, 3 трлн 971 млрд теңге болды. Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 36% немесе 373 млрд теңгеге өсті. Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімнің үлесі – 56%. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш, яғни елорда – инвестициялық тартымды қала", – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Дәурен Ерболат