Нұр-Сұлтанда қанша үй газға қосылды

679

Елорда әкімдігі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-мен бірлесіп, 2020 жылдан бастап тұрғын үйлерді газға кезең-кезеңмен қосу бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінде 9 мың жекеменшік үйдің газға қосылу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда қанша үй газға қосылды

Елордада жер үй тұрғындары газға қосуға өтінімдер жіберуде. Мәселен, Нұр-Сұлтанда мыңыншы абонент тіркелді.

Қазір Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Агроқалашық (бір бөлігі), Промышленный және Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінің тұрғындары қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Осы аудандарда тұратын тұрғындар үйін газға қосуға өтінім беру үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға (Республика даңғылы, 24) жүгінуі қажет. Толық ақпаратты +7(7172)55-89-75, ішкі телефондары: 1530, 1527, 1534 бойынша алуға болады.

Қараша айында Оңтүстік-Шығыс және Агроқалашық елді мекендерінің қалған бөліктері газбен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде, оларды іске қосу осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Осылайша, тағы 5 мың жеке үй көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу