Нұр-Сұлтанда карантин талабын сақтамаған 5 мекеме жауапқа тартылды

709

Өткен тәулікте елордадағы мониторинг топтары карантин талабын сақтамаған 5 мекемені анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда карантин талабын сақтамаған 5 мекеме жауапқа тартылды

Байқоңыр ауданында "Өзіміз ғой" кафесі, ZaZa түнгі клубы Ashyq бағдарламасын пайдаланбай жұмыс істеген.

Карантин талабының сақталмауы Алматы ауданындағы "Сова" караоке клубында анықталған.

Сондай-ақ мониторингтік топ Сарыарқа ауданындағы Nirvana бары мен "Стамбул" кафесінде заңбұзушылықтарды тіркеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті орган тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылдайды.

Елордадағы елордадағы эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақсыз болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу