Нұр-Сұлтанда қасапшыларға арналған тренинг өтті

883

30-дан астам қасапшыға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді. 

Нұр-Сұлтанда қасапшыларға арналған тренинг өтті

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде "Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс" атты семинар-тренинг болып өтті. Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар барысында бас шаһардағы құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

30-дан астам қасапшыға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Айта кетейік, биылғы Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбан шалатын 7 орын бекітіліп отыр. Аталмыш орындар арнайы санитарлық тексеруден өткізіліп,  айтулы мерекеге сақадай-сай әзірленген. Бұған қоса, бұл жерлерде діни рәсімдер атқаруға Елордадағы 30-дан астам діни қызметкер бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу