Нұр-Сұлтанда Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының отырысы өтіп жатыр

1188

Жиынға Ассамблея мүшелері, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерациялардың президенттері қатысып жатыр. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президентін сайлау. 

Нұр-Сұлтанда Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының отырысы өтіп жатыр Фото: olympic.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының отырысы басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Отырысты Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин бастады. 

"Мен басты назарды өскелең ұрпаққа аудару керектігін айтқым келеді. Олардың арасында талантты спортшылар өте көп. Біздің мақсатымыз – оларды тауып, оқытып, әлемдік жарыстарда жүлде алатын дәрежеге жеткізу. Әрбір федерация үшін бұл басты міндет саналады. Сонымен қатар, біз қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында сәтті өнер көрсетуіне күш салуымыз қажет. Оған біздің әлеуетіміз жетеді. Құрметті, жиынға қатысушылар. Қазақстан Үкіметі мен ҰОК-тің бірлескен жұмысы арқасында елімізде ірі жарыстар өткізілді. Бұл біздің елде әлемдік турнирлерді абыроймен атқаратынымыздың дәлелі. Келесі жылы еліміздегі спортты дамытуға республикалық бюджеттен 54 миллиард теңге бөлінді. Еліміздегі спорттық инфрақұрылымды дамытамыз. Сөз соңында ҰОК басшысын сайлау өте маңызды оқиға екенін айтқым келеді. Өйткені, еліміздегі спорттың әрі қарайғы дамуы туралы сөз болып отыр. Біздің дұрыс таңдау жасайтынымызға сенемін", – деді Асқар Ұзақбайұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу