Нұр-Сұлтанда келер жылы тағы 100 электроавтобус сатып алынады

735

Келесі жылы да коммуналшылардың еңбегін қолдап, оларға жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізу жалғасады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов  "Инстаграм"  парақшасында бөлісті.

Нұр-Сұлтанда келер жылы тағы 100 электроавтобус сатып алынады

"Бұл жыл бәрімізге оңай болмады. Біздің коммуналшылар тұрғындарға жайлы болуы үшін қаланы таза ұстауға ауа райына қарамастан күн сайын еңбектенеді. Егер өткен жылы коммуналдық қызмет автопаркінің (Астана Тазалық пен Астана Зеленстрой) арнайы техника мен жабдығы 165-тен аса бірлікке көбейсе, биыл тағы 125 бірлік арнайы техника мен 100-ден аса қосымша жабдық сатып алынды.

Өткен жылдан бері жалақы мен сыйақы көлемі артты. Келесі жылы да коммуналшыларымыздың еңбегін қолдап, оларға жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізуді жалғастырамыз.

ТЖ режимі кезінде біздің жүргізушілер де алдыңғы шепте болды. Олар біздің медициналық қызметкерлерді, әлеуметтік жұмысшыларды тасыды. Карантин цифровизация саласын дамытуды жалғастыру керек екенін көрсетті. Автобустарға 100% валидатор орнатудың арқасында, жүргізуші мен жолаушының байланысын төмендету үшін, төлемақы жасауда қолма-қол есептесу алынып тасталды.

Бұдан бөлек, парк жыл басынан бері 100 электрлі автобуспен толықты. Оларды пайдалану экологиялық (атмосфераға зиянды қалдықтар бөлмейді) және үнемдік жағынан тиімді. Экологияның маңызын ескере отырып, жеке инвестиция есебінен автопаркті жаңарту көзделіп отыр. Бұл ретте автопарк тағы 100 электроавтобуспен толығады",– деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу