Нұр-Сұлтанда кітап алмасу акциясы басталды

2280

Мамандар ел бойынша 17 қаланың жоғары оқу орындары мен сауда орталықтарында барлығы 57 кітап сөресін қоймақ.

Нұр-Сұлтанда кітап алмасу акциясы басталды

Қазақ  технология және бизнес университетінде ауқымды республикалық кітап ауыстыру акциясының ашылуы өтті. Елордада бірнеше буккроссинг орындары пайда болды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Мамандар ел бойынша 17 қаланың жоғары оқу орындары мен сауда орталықтарында барлығы 57 кітап сөресін қоймақ.

 "Social Development Center" қоғамдық қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғановтың айтуынша, елордада мұндай сөрелер Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақ технология және бизнес университетінде, "Астана жастары" жастар ресурстық орталығында, "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында, "Жастар" сарайында және ҚР Кәсіподақтар федерациясында орналасқан.    

"Жалпы буккроссинг ұғымы ол әлемдік тренд, әсіресе Еуропа елдеріне барсаңыз, қоғамдық орындарда буккроссинг алаңын көптеп кездестіресіз. Оның ішінде автобус және метро аялдамаларында. Оның ережесі бойынша кез келген адам қалаған кітабын алып оқиды да қайта орнына қойып қояды. Кітаптар елден елге, қаладан қалаға саяхат жасайды. Сондай мүмкіндік міне елордалықтар да бар",– дейді "Social Development Center" қоғамдық бірлестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бейбіт Тұрабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу