28 тамыздан бастап қоғамдық көлік жұмысы сағат 23:00-ге дейін ұзартылады, деп хабарлады CTS.
"Автобус ішіне бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. Еске сала кетейік, жол жүру ақысын көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жіберу арқылы, QR-код сканерлеу арқылы және басқа да қолма-қол төлемсіз өтеуге болады",– деп ескертеді "City Transportation Systems" көлік компаниясы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу