Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер тоқтайды

671

Енді қала көшелерін патрульдік қызмет қадағалайды.

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер тоқтайды

Елордада 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында қоғамдық көліктер тоқтайды. Автопарк жұмысшыларының денсаулығы тексеріледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

"Өздеріңіз білетіндей, коронавирус тез тарап, ауырған адамдардың саны артып келеді. Өкінішке қарай, адам шығыны да бар. Індет кесірінен қаза болған кісінің отбасына көңіл айтамыз. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады...Біз бұл қауіпті тәртіп пен қатаң шараларсыз еңсере алмаймыз",– дейді Альай Көлгінов қала тұрғындарына үндеуінде.

Сондай-ақ азаматтардың оқшаулануын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік комиссияның шешімімен 30 наурыз бен 5 сәуір аралығы жұмыссыз апта болып жарияланғанын айта кетті.

" Медицина, құқық қорғау және қала өмірін қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмысын жалғастыра береді. Инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде жүргендерді тасымалдау үшін көлік ұйымдастыруға көмектесеміз",– деді әкім.

Шаһар басшысының айтуынша, азық-түлік алуға, дәріханаларға баруға, медициналық қызмет алуға және рұқсат етілгендерге ғана жұмысқа баруға болады, қалған әрекеттің бәріне шектеу қойылады, үйден шығуға болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу