Нұр-Сұлтанда көлігінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтаған ер адам ұсталды

1084

Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Нұр-Сұлтанда көлігінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан 32 жасар қала тұрғынының көлігінен қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

"Полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында Баршын көшесінде алдын ала берілген жедел ақпарат бойынша "TOYOTA" маркалы автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы ер адамды тоқтатты. Ұсталған азаматтың көлікке қатысты құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көлікті тексеру барысында үш ас үй және аңшылық пышақ, 32 мм калибрлі тегіс ұңғылы қару және оның патрондары табылып, тәркіленді", – деп жазылған хабарламада. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу