Нұр-Сұлтанда Конституция күніне арналған велошеру өтеді

628

30 тамызда елордада ҚР Конституция күніне орай "Жаппай веложарыс" өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда Конституция күніне арналған велошеру өтеді

Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 20 км-де бастау алады және Үркер(Ильинка) "Жасыл белдеу" тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.

Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады. Басталуы 10:00.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Әрбір қатысушы өз велосипедімен веложарысқа жіберіледі.  

Бұл велошеру спорттық жарыс емес, оның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын белсенді дене шынықтырумен, атап айтқанда велосипед спортымен айналысуға тарту.

Байқауға қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу