Қалада тәулік бойы "қызу желі" жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты http://covid19.astana.kz/kz, парақшасын іске қосты. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады.
"Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы соңғы жаңалықтарды таба аласыз", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар парақшада COVID-19 бар-жоғына тестілеуден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекен-жайлары, оқшаулау режимінде өзін-өзі қалай ұстау керегі, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат бар.
Коронавирус бойынша "қызу желі" (тәулік бойы) – +7 (7172) 76-80-43; 1406; 109. Жедел жәрдем – 103. Ерікті болу – +7 701 356-22-96; психологиялық қолдау қызметі – +7 (7172) 20-10-90, +7 771 996-09-27, +7 702 172-61-39; қан плазмасына донор болу – +7 771 377-91-10 (тіркеу), +7 702 091-18-60 (тіркеу), +7 (7172) 54-32-38 (сенім телефоны).
Егер сіз жұмыссыз қалсаңыз +7 (7172) 57-88-88 – қоңырау шалыңыз – қажетті қызметтің нөмірін таңдаңыз – маманға хабарласыңыз.
29 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 3,788 КВИ жағдайы тіркелді, емделіп шыққандар саны – 2721, ал өлім жағдайы – 61.