Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

894

43 науқастың жағдайы өте ауыр. 

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

Елордада күн сайын 150-200 науқас COVID-19 вирусымен ауруханаға жатқызылып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, қабылданған шаралар коронавируспен ауыратындардың саны күн сайын артып келе жатқанын көрсеткен. 

"Біз төсек-орын санын көбейтуге және адами ресурстарды ұлғайтуға мәжбүрміз. Жұқпалы аурулар ауруханаларына тәулігіне 150-200 адам жатқызыла бастады, - деді Тимур Мұратов. 

Ол қалада 2001 инфекциялық төсек-орынның 598-і ғана бос екенін атап өтті. 

"Бүгінде жансақтау бөлімінде 111 науқас, COVID-19 вирусын жұқтырған 100 адам жатыр. Ауыр жағдайда 57 науқас, өте ауыр халде 43 науқас, 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді басқарма басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу