Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққандардың 54%-ы әйелдер

750

Індет жұқтырғандардың 3%-ы 18-ге толмаған балалар.

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққандардың 54%-ы әйелдер

Елордадағы эпидемиологиялық ахуал жайлы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті. 

"Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны 222-ге жетті. Оның 46%-ы ер, 54%-ы әйел адамдар. Бұның 34%-ы 30-дан 49 жасқа дейінгі азаматтар. 27%-ы 18-ден 29-ға дейінгі жастар. Науқастардың 17%-ы 50-59 жас аралығында. 9%-ы 60-69 жас аралығындағы адамдар. Ал 70 және одан жоғары жастағылар – 1%-ды құрайды. Індет жұқтырғандардың 3%-ы 18-ге толмаған балалар", – деп Сәуле Қисықова статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының айтуынша, бүгінгі күні 5 науқастың жағдайы ауыр.

"Жалпы, жазылып шыққандардың саны – 28 немесе 13%-ға жетті. Қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас ем алып жатыр. Оның 203-і коронавирустан емделушілер. 5 науқас ауыр халде. Оның үшеуі өкпені жасанды желдету апаратына қосылған. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты. Оларға бекітілген хаттамаға сәйкес ем-дом шаралары жүргізілуде" – деді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу