Нұр-Сұлтанда коронавирустан 2 адам қайтыс болды

779

Қазақстандағы коронавирус бойынша 14 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Нұр-Сұлтанда коронавирустан 2 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте 118 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады шұғыл штаб. Өсім – 2,1%.

Аймақтар бойынша:
Ақмола облысы - 4 (3,6%)
Ақтөбе облысы - 29 (15,8%),
Алматы облысы - 1 (0,5%),
Атырау облысы - 17 (3,7%),
Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,8%),
Жамбыл облысы - 2 (1,0%),
Батыс Қазақстан облысы - 7 (2,6%),
Қарағанды облысы - 8 (3,9%),
Қостанай облысы - 4 (5,9%),
Қызылорда облысы - 1 (0,4%)
Маңғыстау облысы - 3 (2,2%),
Алматы қаласы - 11 (0,7%),
Нұр Сұлтан қаласы - 25 (2,2%),
Шымкент қаласы - 5 (2,0%).

Жалпы ел бойынша бүгінге дейін 5689 адамға коронавирус жұққан. Олардың 2531-і ем қабылдар, жазылып шықты.

Өкінішке қарай, аталған дерт салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі адам: 1958 жылы туған әйел (13 мамыр, 2020) мен 1977 жылы туған ер адам (13 мамыр, 2020) көз жұмды

Қазақстан бойынша індеттен осымен 34 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу