Нұр-Сұлтанда коронавирустан 212 адам қайтыс болды

540

Ауыр халдегі науқастардың саны 30% азайды.

Нұр-Сұлтанда коронавирустан 212 адам қайтыс болды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үкімет отырысында КВИ бойынша баяндама жасады. 

"Қатаң карантин енгізу нәтижесінде қазіргі күні жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8 619 адамды құрады. 5511 адам немесе науқастардың 64% емделіп шықты. Өкінішке қарай, 212 адам қайтыс болды. 262 адам стационарда ем алып жатыр. Ауыр халдегі науқастардың саны 30% азайды. Инфекциялық және стационарлық провизорларда төсек-орын саны артты", – деді Алтай Көлгінов. 

Әкімнің сөзінше, елордада күні бүгінге дейін 260 мыңнан астам ПТР-тест жасалды. 

"Жедел жәрдем стансасының базасында науқастардың ағымын біркелкі бөлу үшін ахуал орталығы ұйымдастырылды. Жедел жәрдем бригадаларының саны 110-нан 160-қа дейін артты. Сонымен қатар медициналық колледждерден 275 жас маман емханаларға жұмысқа орналастырылды. Медициналық университеттен 300 студент жұмылдырылды", – деді шаһар басшысы. 

Алтай Көлгіновтің айтуынша, КВИ жағдайының тұрақталуы байқалып жатыр. Жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 2 мыңға, шақыру саны тәулігіне 3 мыңнан 1400-ге азайды.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу