Нұр-Сұлтанда көше саудасына жер учаскесін беруге өтінімдер қабылдана бастады

922

Өтінімдер 12 ақпаннан 13 наурызға дейін қабылданады.  

Нұр-Сұлтанда көше саудасына жер учаскесін беруге өтінімдер қабылдана бастады

Елорданың Кәсіпкерлер палатасы тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілері арасында көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін бөлу бойынша ұсыныстарымен бірге өтініштерді қабылдауды бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.    

Регламент бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына: ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және оған теңестірілген адамдар,1, 2 және 3 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, кәмелет жасына толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады.

Сондай-ақ бұл топқа "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері немесе бұрын "Батыр ана" атанған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі "Ана даңқы" ордендері мен марапатталған көпбалалы аналар, мемлекетті немес қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар, аз қамтылған отбасылар жатады.

Регламентке сәйкес квота бойынша жер учаскелерін бөлу рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады.

"Бастапқы кезеңде квота бойынша бөлу үшін берілуі ықтимал жер учаскелерін қалыптастыру қажет. Осыған байланысты, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Нұр-Сұлтан қаласының жеке кәсіпкерлерін сауда нысанын орнатуды жоспарлап отырған жер учаскелері бойынша (24 м2 аспау тиіс) ұсыныстар беруі шарт",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу