Нұр-Сұлтанда көше спортына арналған колизей мен бақылау алаңы ашылды

716

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда көше спортына арналған колизей мен бақылау алаңы ашылды

"Нұр-Сұлтанда алғаш рет "NS street life" атты көше спортына арналған колизей ашылды. Бұл – екі деңгейлі мультифункционалды арена. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары баскетбол, футбол ойнап, осы спорт түрлерінен жарыстар, сол сияқты бокс және би турнирлерін өткізе алады. Екінші қабатта көлеңкелі шатырлар орналасқан. "NS street life" көше спорты колизейі Алматы ауданында Қ. Мұңайтпасов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында (Отан қорғаушылар алаңы маңайы) орналасқан. Колизейдің жанында коньки алаңын ашамыз.

Қалада жаңа орындар ашу, сол сияқты бұрынғы орындарды сақтау өте маңызды.

Есіл өзенінің жағалауы бойындағы саябақта ("Қалалық романс" ТК жағынан) балалар мен ересектерге арналған тағы бірнеше аймақ абаттандырылды: төбешіктер, "питон" ойын аймағы (арқан конструкциясы), үлкен құмсалғыш, түрлі ойын элементтері, ересектер үшін демалуға арналған тыныш аймақтар және т.б. ашылды. Сонымен қатар, бұл ауданда өзен мен аймақ көрінетін екі қабатты бақылау алаңы орнатылды. Ол аумақтан алыс емес жерде көпір асты кеңістік (Сарайшық бойында) орналасқан. Онда баскетбол, воркаут, йога алаңдары, футбол алаңы және т.б. бар.

Бұл елорда тұрғындарының бос уақытын денсаулығы үшін пайдалы өткізуіне, сол сияқты спортпен шұғылдануына болатын орындарды барынша көп қамтуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарының ерте жастан спортпен шұғылдануы маңызды. Елорданы "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары аясында абаттандыру жүріп жатыр. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынады. Олардың жартысына жуығы дайын.

Өткен жылы 150 аула және 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды", – деп жазды елорда әкімі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу