Нұр-Сұлтанда көшеге себепсіз шыққаны үшін 164 адам учаскеге жеткізілді

833

 Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады. 

Нұр-Сұлтанда көшеге себепсіз шыққаны үшін 164 адам учаскеге жеткізілді

Нұр-Сұлтанда қала көшелерін полиция қызметкерлері қадағалап жатыр. Екі күн ішінде аумақтық полиция басқармаларына 164 адам жеткізілді, 68 тәртіпбұзушыға әкімшілік хаттама жасалды. Қалған адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2020 жылғы наурыз айының 28-і сағат 00.00-ден бастап елордада азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады. 

Ал 30 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін автобустар жүрмейді. Дәрігерлер, полиция қызметкерлері және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететіндерден басқасы апта бойы жұмыс істемейді.

Елорда әкімдігі коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері үшін қонақ үйлер, көлік бөліп, тамақ ұйымдастырды. Емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін де көлік ұйымдастырылған. Көлікті CTS компаниясы ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу