"Сізге керегі – тіркеуден өту , "Қалалық қызметтер" – "Көше атауларының қазіргі тізімі" бөліміне өтіп, csv, json және xls форматтарындағы материалдарды жүктеп алыңыз. Сонымен бірге, мамандық бойынша дәрігерлердің саны, олардың танымалдығы немесе танымал еместігінің рейтингі, сондай-ақ медициналық ұйымдар туралы ақпаратты Open Data порталында оқуға болады",– деді елорда әкімі орынбасары Малика Бектұрова.
Сонымен қатар, "Қазгидромет" бөлімінде кез-келген адам елордадағы ауаның мониторингін онлайн режимінде көре алады.
Жалпы алғанда, Open Data 8 санаттағы 45 мәліметтер жиынтығын ұсынады. Нашар көретіндерге арналған нұсқа мен мобильді нұсқаны қолдайды. Пайдаланушының ыңғайлылығы үшін деректерді жүйеге API арқылы қосуға болады. Бұл, мысалы, кейбір стартаперларға виртуалды туроператор құруға және туристер үшін маршруттар құруға мүмкіндік берді. Сауалнаманы http://new.smart.astana.kz/OpenDataRu сайтына толтыру немесе Smart Astana мобильді қосымшасында "Қалаулар" бөліміндегі ұсыныстарыңызды қалдыру арқылы сіз өзіңізге қандай басқа мәліметтерді қызықтыратындығын айта аласыз, біз оларды толықтырамыз.