Нұр-Сұлтанда кран құлап, бір жұмысшы қаза тапты

968

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Нұр-Сұлтанда кран құлап, бір жұмысшы қаза тапты

"2022 жылғы 18 ақпанда сағат 17:07-де Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы 89/А мекенжайы бойынша салынып жатқан нысан аумағында QTZ 100 краны құлады. Соның салдарынан 1970 жылы туған кран жүргізушісі қайтыс болды", – деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.

Аталған жағдайды тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі мен қалалық әкімдік өкілдерінен комиссия құрылып, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтайтын болды.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет). Осы бағытта тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр", – деп жазылған қалалық ПД таратқан хабарламада.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу