Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталады

1571

Біріккен күрес әлемінің басшысы, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Ненад Лалович Нұр-Сұлтанға келді.

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталады

Ненад Лаловичтің мақсаты Қазақстан Нұр-Сұлтанда 14 қыркүйек күні басталатын күрес түрлерінен әлем чемпионатын өткізу болып отыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Осыған дейін де UWW президенті Біріккен күрес әлемнің делегациясын бастап, әлем біріншілігіне дайындық жұмыстарын пысықтауға келген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 14 қыркүйек күні күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталады. Онда спортшыларға 108 Олимпиадалық жолдама үлестіріледі. Жолдама 1-ден 6-орынға ие болған балуандарға беріледі. Кілемге бірінші грек-рим күресінің шеберлері, одан кейін бұрымды балуандар шығады.

Әлем біріншілігін еркін күрес балуандары 22 қыркүйекке дейін қорытындылайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу