Нұр-Сұлтанда құрылыс қалдықтары полигоны салынады

876

Қала шетінде қоқыс үшін рұқсат етілмеген орындар байқалуда. Құрылыс компаниялары сол жерге заңсыз қоқыс төгуде.

Нұр-Сұлтанда құрылыс қалдықтары полигоны салынады

Нұр-Сұлтанда биыл құрылыс қалдықтарын орталықтандырылған жинау және қайта өңдеу үшін полигон құрылысы басталады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев айтты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Қала шетінде қоқыс үшін рұқсат етілмеген орындар байқалуда. Құрылыс компаниялары сол жерге заңсыз қоқыс төгуде. Оған қоса қыстан соң қармен бірге құрылыс қоқыстары шығарылғаны анықталуда. Қазір қоқыс шығарудамыз. Кәсіпорындардан басқа, пәтерлерге жөндеу жүргізген қала тұрғындарының өздері қоқыс шығарды. Рұқсат етілмеген жерлер экологиялық жағдайды нашарлатады. Экологиялық полиция осындай заңсыз әрекеттер үшін тәртіп бұзушыларға айыппұл салады. Тазалық мәдениетін қалыптастыру қажет", – деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Қала әкімінің орынбасары елордада құрылыс қалдықтарына арналған полигон салу қажетін атап өтті.

Әкімдік полигон жобасын әзірледі. Қазір орны анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу