Елордада құрылыс краны құлап түсті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2019 жылдың 3 тамызында сағат 09.24 кезінде Түркістан көшесінің бойында салынып жатқан "Сенсат парк" тұрғын үй кешенінде жүкті көтеру кезінде 8-10 метр биіктен мұнаралық кран құлап түсті. Кран көршілес "BI Group" ЖШС-ның нысанына түскен. Нысанды салушы – "Sensata Construction" ЖШС. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", – деп хабарлайды елорданың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында ТЖ бойынша департамент, полиция департаменті мен қалалық жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс жүргізді.