Нұр-Сұлтанда КВИ жұқтырғандарды емдейтін стационарлар жабылып жатыр

1088

Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда КВИ жұқтырғандарды емдейтін стационарлар жабылып жатыр

"Коронавирус ауруының өсімінің төмендеуіне байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаларды жабу туралы шешім қабылдады. Олар қажеттілікке байланысты мамыр-шілде айларында жұқпалы аурулар ауруханаларына қайта бейімделді. Мәселен, соңғы 2 күнде біз 370 төсектік 3 "ковидті" стационарды – Қалалық психикалық денсаулық орталығын және басқаларын жауып тастадық", – деді Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, келесі аптада және одан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты "ковидтік" стационар ретінде тартылған қаланың тағы екі ауруханасындағы коронавирус жұқтырған науқастарға арналған палаталар жабылады.

"Олар – 366 төсектік №3 көпбейінді қалалық аурухананың клиникалық және акушерлік блогы және Академик Н.Д. Батпенов атындағы 112 төсектік Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы, – деп нақтылады Әлия Рүстемова.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу