Нұр-Сұлтанда мектеп түлектерінің 95%-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді

994

Елорда мектептерін 6515 оқушы бітіргелі отыр.

Нұр-Сұлтанда мектеп түлектерінің 95%-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елордада мектептері түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту мәселесін сөз етті. Оның айтуынша, ҰБТ сұрақтарында 11 сыныптың 4 тоқсанындағы бағдарлама кірмейді.

"Биыл елорда мектептерін 6515 оқушы бітіргелі отыр. Оның ішінде 6199 білім алушы, яғни түлектердің 95%-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге өтініш білдірді. ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады. Екі блоктан тұратын тестілеу 3 сағат 50 минутқа созылады. Сынақ үш негізгі және екі бейіндік пәннен болады. Түлектер тапсыратын ҰБТ сұрақтарында 11 сыныптың 4 тоқсанындағы бағдарлама кірмейді. Осы орайда түлектер мен ата-аналарды мазалайтын бір сұраққа жауап бере кеткім келеді: ҰБТ сұрақтарында 5-11 сыныпқа дейінгі және 11 сыныптың 1 және 2 тоқсанында өткен сұрақтар ғана қамтылады", – деп түсіндірді білім басқармасының басшысы.

Еске сала кетсек, 3 маусым күні 11 сынып түлектері үшін аттестат және "Алтын белгі" табыстау рәсімі өтеді. Бұл іс-шара мектеп аумағында ашық аспан аясында ұйымдастырылады.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу