Нұр-Сұлтанда "Мельница" мейрамханасы өртеніп жатыр (Видео)

1084

Жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Нұр-Сұлтанда "Мельница" мейрамханасы өртеніп жатыр (Видео)

Мейрамхана "Сарыарқа" ойын-сауық орталығына қарама-қарсы Тұран, 31 мекенжайында орналасқан. Алдын-ала мәлімет бойынша, нысанның шатыры өртенген.

"Бүгін 15:09-да "101" пультіне Тұран,31 мекенжайында орналасқан "Мельница" мейрамханасынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына көп кешікпей Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Өрт сөндірушілер 15:12-де келіп жеткенде, "Мельница" мейрамханасына жапсарлас орналасқан орынжайдың жабыны өртеніп жатқаны анықталды. Қазір жалынды сөндіруге жеке құрамның 30 адамы жұмылдырылды және 6 техника пайдаланылуда. Эвакуация өрт сөндірушілер жеткенше жүргізілген",– делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетсек, аталмыш мейрамхана 2008 жылы ашылған. Бұл украин ауылдарын, шаруаның құжырасын еске түсіретін инерьерімен ерекшеленеді. Жазға арналған ашық аспан астында тамақтанатын орындары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу