Қоғамдық көліктер Рамазан айына байланысты мұсылман қауымы үшін арнайы ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Біз мұсылман қауымының көбі тарауих-намазын мешіттерде оқитынын білеміз. Сіздерге ыңғайлы болу үшін біз тарауих-намазы аяқталғаннан кейін мешіттерден бірнеше бағытта қатынайтын тегін автобустарды ұйымдастырамыз", – делінген "Астана LRT" компаниясының хабарламасында.
Автобустар келесі бағыттар бойынша қатынайтын болады: "Әзірет Сұлтан" мешіті ("Спутник" супермаркеті, т/ж вокзалы, Көктал 1, 2 т/а), "Нұр Астана" мешіті (Көктал 1, 2 т/а, вокзал, мед.колледжі); Ырыскелді қажы мешіті ("Үркер" т/а); "С. Ғылмани" мешіті (Көктал 1 т/а, "Кирпичный" т/а"); "Ақмешіт" мешіті ("Мастер" Т/О).