Нұр-Сұлтанда митингке қатысқан алты адам ауруханаларға жеткізілді

645

Олардың ешқайсысы ауыр жарақат алған жоқ.

Нұр-Сұлтанда митингке қатысқан алты адам ауруханаларға жеткізілді

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде жедел медициналық көмек митинг өткен жерлерде тоғыз мәрте қызмет көрсетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz қаладағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Оның үшеуіне медициналық көмек митинг өткен жерде көрсетілді. Алты тұрғын қосымша тексеру үшін қаладағы стационарларға жеткізілді. Олардың барлығы амбулаториялық емдеуге жіберілді. Ешкімде ауыр жарақат жоқ", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Нұр-Сұлтандағы барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Айта кетейік, Қазақстандағы митингтер биыл 2 қаңтарда Жаңазөзен қаласынан (Маңғыстау облысы) басталған еді. Онда тұрғындар газ бағасын төмендетуді талап етіп митингке шықты.Кейін басқа өңірлердегі тұрғындар наразылық акцияларына қосыла бастады.

ҚР ІІМ 200-ден астам адамның ұсталғанын мәлім етті. 

Қазақстан президенті үкімет отставкасын қабылдады. Премьер-министр міндетін уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов атқарады. Үкімет мүшелері жаңа үкімет құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді. Бүгінде Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу