Нұр-Сұлтанда модульдік үй құрылысы жүйелерінің өндірісі іске қосылды

949

Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. 

Нұр-Сұлтанда модульдік үй құрылысы жүйелерінің өндірісі іске қосылды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР вице-премьері Жеңіс Қасымбек және астана әкімі Алтай Көлгінов №1 индустриалдық парк аумағында салынып жатқан модульдік үй құрылысы зауытында болды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Мәселен, аталмыш технологияны қолдана отырып 16 қабатты үйді 4 ай ішінде салуға болады.

Қарапайым құрылыс кезінде бұл процесс бір жылдан астам уақытқа созылар еді. Құрылыс дайын модульдік блоктар есебінен жүзеге асырылып, бөлмені бірыңғай бүтін етіп жинайды. Қазіргі заманғы озық құрылыс технологиясын Германия, Қытай, Сингапур сияқты елдерде пайдаланады.

Зауыт 700-ден астам жұмыс орнын ашуға және жыл сайын 400 шаршы метрді пайдалануға беруге мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу