Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда

608

Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады.

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда

Нұр-Сұлтан әкімдігі Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл берілетін пәтер саны  – 1 мыңға жуық. Бүгін Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен таныстым",  – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу