Нұр-Сұлтанда мыңға жуық адам халық күйлерін орындады

1553

Нұр-Сұлтанда Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Нұр-Сұлтанда мыңға жуық адам халық күйлерін орындады

Биыл "Қазақ Елі" монументінің жанындағы алаңға халық күйлерін орындау үшін мыңға жуық адам жиналды. Шараға қатысушылардың жасына шектеу қойылмады. Сахна төрінде "Сарыарқа", "Адай", "Әлқисса", "Көңіл толқыны", "Балбыраун" және "Көреғұлы" күйлері орындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұлттық Домбыра күніне арналған концертке мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Концерттік бағдарлама аясында жиналған қауым күй тыңдап қана қоймай, елордалық музыка мектептерінің шәкірттерінің өнерін, "Жастар" театрының тарихи қойылымын тамашалады, сондай-ақ ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бұдан басқа, "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда тігілген киіз үйлерде этнографиялық музей ашылды. Танымал күйшілердің домбыраларының экспозициясы, ҚР танымал ұлттық музыка аспаптарын дайындайтын шеберлердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, жартылай киіз үйлерде ұлттық аспаптармен және оларды жасау технологияларымен танысу мүмкіндігі жасалды.

Айта кетейік, Домбыра күні мерекесі бүгін кешке Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда "Нағыз қазақ – домбыра" концертімен жалғасады. Көрермендер Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрінің, солистерінің және вокалистерінің өнерін тамашалайтын болады. Концерттің басталуы сағат 17:00, кіру – тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу