Нұр-Сұлтанда наурыз айында қандай өнімдер қымбаттады

940

Тары бағасы – 5,7%-ға, бидай ұны 4%-ға көтерілген.

Нұр-Сұлтанда наурыз айында қандай өнімдер қымбаттады

Наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында тары – 5,7%-ға, бидай ұны 4%-ға қымбаттады, деп хабарлайды kazakh-zerno.kz.

Елордалық статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында инфляция 0,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы наурызда 0,9%-ға өссе, азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,1%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтердің тарифтерінде өзгеріс жоқ.

Наурызда Қазақстанның астанасында тары – 5,7%-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны – 4,3%-ға, жемістер мен көкөністер – 3,2%-ға, ұнтақ жармасы – 2,6%-ға, макарон өнімдері – 2,2%-ға, қарақұмық жармасы – 1,4%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 1,2%-ға, пастерленген сүт – 1,1%-ға, бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер мен күріш – 0,9%-ға, ет, шұжық өнімдері – 0,7%-ға, ішімдік, темекі өнімдері, сондай-ақ кондитерлік нан – 0,4%-ға, сұлы жармасы мен шай – 0,3%-ға, сусындар, балық және теңіз өнімдері – 0,2%-ға, шекер, ірімшік және сүзбе  – 0,1%-ға қымбаттады.

Сонымен қатар, тауықтың бағасы – 2,3%, қышқыл сүт өнімдері – 1,7% және жұмыртқа, сүт өнімдері – 0,4%, май мен майлар – 0,1% төмендеді.

Макарон өнімдерінен рожки – 2,4%-ға, вермишель – 2,2%-ға, кеспе – 1,6%-ға қымбаттады.

Ал көкөністерден пияз – 32,0%-ға, ақ қырыққабат – 14,6%-ға, сәбіз – 13,7%-ға, қызанақ – 4,2%-ға, қызылша – 3,0%-ға, картоп – 1,0%-ға қымбаттаса, қияр 11,1% - ға арзандады.

Дизель отыны – 0,4% - ға, бензин 0,2% - ға арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу