Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

710

18-22 наурыз аралығында Арнасай, 109 мекенжайында орналасқан павильонда ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Өз өнімдерін Шығыс Қазақстан, Ақмола және басқа да жақын маңдағы облыстардың кәсіпкерлері мен фермерлері ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Айта кетейік, елордада жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңкенің есігі келушілер үшін күнделікті ашық. Мұнда азық-түлік тауарларының барлық түрі сатылады: ет, көкөніс, жарма, азық-түлік, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер және т.б.

"Ал мұндағы баға нарықтан 15-20%-ға арзан... Арнасай көшесі, 109 мекенжайында өтетін жәрмеңке 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді", – деп жазылған сондай-ақ әкімдік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу