Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзған 200-ден астам адам анықталды

783

"Ashyq" жүйесі бойынша анықталған "қызыл" мәртебесі бар барлық жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзған 200-ден астам адам анықталды

11 және 27 маусым аралығында елордада "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарда оқшаулау режимін бұзған 491 келуші анықталды. Олардың 247-і -"қызыл" статусқа, 244-і "сары" статусқа ие, деп хабарлайды inbusiness.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Айта кетейік, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тәртіп бұзушылардың карантинде болу кезеңін анықтап жатыр.

"Аумақтық басқармалар санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы 23 қаулы беріп, 87 510 теңге мөлшеріндегі айыппұлды төлеуді көздейтін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама берді",– дейді комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу