Нұр-Сұлтанда өңірлердің жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді

886

Елордада жәрмеңке өткізу кестесі келісілді. 1 маусымда жаңа алаңда Түркістан облысының өнімдері ұсынылады.

Нұр-Сұлтанда өңірлердің жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді

Биыл өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жаңа форматта өткізіледі. Сондай-ақ, енді олар "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, ауаны баптайтын бірыңғай құрылым, сонымен қатар ет және сүт өнімдеріне арналған арнайы тоңазытқыш орнатылатын болады.

Бүгін өңірлер арасында елордада 20 жәрмеңке өткізу кестесі келісілді. 1 маусымда жаңа алаңда Түркістан облысының өнімдері ұсынылады.

Бүгінгі таңда аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қала шетіндегі жәрмеңкелер өткізу орындары анықталды. Сарыарқа ауданында бұл Көктал-1 (Алмалық көшесі 1), Көктал-2 (№68 мектеп алды), Агроқалашық (Тілендиев және Ақан сері) тұрғын алабының аумақтары; Алматы (Железнодорожный кенті); Есіл (Жағалау ықшам ауданы). Осы аудандардың әрқайсысында аталған жәрмеңкелерге қатысуға дайын тауар өндірушілері бар. Демалыс күндері 4 қалалық жәрмеңке өткізілді. Оған 20 мың адам қатысып, 40 тонна өнім сатылды. Жәрмеңкелерде сатылған тауарлардың бағасы нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу