Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы алғашқы Comic Con өтеді. Фестивальге билеттерді бүгіннен бастап сатып алуға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
1974 жылы АҚШ-та пайда болған Comic Con жобасы барлық комиксті ұнататындар, киномандар, видеоойындар, мультфильмдер және сериалдардың жанкүйерлері арасында кеңінен танымал. Бұл фестиваль – ірі комикстер әлемі авторларының өз аудотриясымен кездесетін дәстүрлі алаңы.
"Гик әлемінің" жарқын оқиғаларының бірі Балаларды қорғау күніне орайластырылған.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Comic Con-ға қазақстандықтар және Таяу және Алыс шет елдерді қоса алғанда 70 000 қонақ қатысады деп күтілуде. Шараның қатысушылары комикстар әлеміндегі осы жылдың басты премьераларын көру, супер қаһармандар костюмдерін кию, сүйікті әртістерімен суретке түсу мүмкіндігін алады. Фестивальге барлық танымал жергілікті және шетелдік комикстердің авторлары, баспалар, киностудиялар, компьютерлік және үстел ойындарын құрастырушылар, танымал аниме мен манга авторлары қатыспақ.