Нұр-Сұлтанда өтетін кітап жәрмеңкесіне 20 шақты ел қатысады

1608

Елордада еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Нұр-Сұлтанда өтетін кітап жәрмеңкесіне 20 шақты ел қатысады

Елордада 24-27 сәуір аралығында Eurasian Book Fair–2019 еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Әлемдік кітап нарығының 20 шақты еліндегі өкілін Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында жинау идеясы бекерден пайда болған жоқ. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласы – Еуразия құрлығында инновациялық әрі зияткерлік табыстар мен үздік технологиялардың енуі арқылы жылдам өсіп, ғаламат дамып келе жатқан мегаполистердің бірі", – дейді ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асқаров Әлібек.

Сондай-ақ, кітап көрмесіне Қазақстанның "Алматыкітап", "Атамұра", "Мектеп", "Қазақ энциклопедиясы", Ресейдің "Белый город", "Розовый жираф", "Универсалист", "Манн, Иванов и Фербер", "Самокат", "Кожаная мозаика" және өзге де мемлекеттердің жетекші баспалары қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу