Жарыстың жалпы жүлде қоры 260 400 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтемемен.
Беделді жарысқа әлемдік рейтингтің үздік жүздігіне енген ойыншылар қатысады. Қазақстан намысын Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Александр Недовесов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Григорий Ломакин және басқалар қорғайды.
"Қазақстан астанасы ірі жарыстар қабылдайды. Бүкіл әлемде коронавирустық пандемияға байланысты кестедегі матчтардың басым бөліг ітоқтатылғандықтан, Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы Қазақстан теннис федерациясынан бірден екі турнир өткізуді сұрады. Бұл серия Австралия ашық чемпионатында өз өнерін аяқтаған ойыншылар үшін бірден екі үлкен турнирге дайындалуға және қатысуға тамаша мүмкіндік. Біз Қазақстан құрамасының барлық мүшелері қатысады деп күтудеміз. Спортшыларымыз ұпай алуға, рейтингтегі өз позицияларын жақсартуға берілген мүмкіндікті жібермеу керек, ең алдымен бұл олимпиада жолдамасын иелену үшін де маңызды. Біз бұған дейін "челленджер"санатындағы жарыстар өткізген жоқпыз, бұл ойындарда 100 және 125 ұпай ойнатылады. Жоғары деңгейдегі турнир болғандықтан, екі жарысқа да мықты ойыншылардың келуін күтеміз – жарысқа тіркелген спортшылардың есімдері сөзімізге дәлел", - дейді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.
Турнирді өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары шаралары ескеріліп, ойындар көрермендерсіз және қатаң хаттама аясында өтеді. Қатаң сақталуы тиіс ережеге байланысты спортшылар экскурсияға, мұражайларға барып, қала бойынша серуендей алмайды.