Нұр-Сұлтанда өзен үстімен өтетін автомобиль көпірінің құрылысы басталды

1362

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда өзен үстімен өтетін автомобиль көпірінің құрылысы басталды Фото: Александр Куприенко

"...Тәуелсіздік даңғылындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Сот процесі құрылыс жұмысы мен мерзіміне айрықша әсер етті. Қазір проблеманың бәрі шешіліп, көпір құрылысы басталды. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Әзірет Сұлтан мешітінің ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Байтұрсынов көшесі, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Момышұлы даңғылының сол жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік даңғылындағы көпір пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеменің 20%-ға дейін төмендеуін болжап отырмыз. Жоспар бойынша аталған көпірдің құрылысы 2023 жылы аяқталады.

Сонымен қатар Ұлы дала даңғылында да көпір салынуда. Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік Ел даңғылының, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелерінің, Nova city ауданының, "Мыңжылдық" аллеясының жүктемесін азайтады. Жаңа "Нұрлы жол" вокзалының, Тельман елді мекенінің, Метро гипермаркеті ауданының, Промышленный елді мекенінің, Жұмабаев даңғылының, Жүргенов көшесінің және т.б. қолжетімділігін арттырады...", – деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу