Нұр-Сұлтанда пандемия кезінде кәсіпкерлік нысанның 40%-ы жабылған

780

Елордада коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпкерлік нысанның шамамен 40%-ы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңесінің басшысы Болат Омаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда пандемия кезінде кәсіпкерлік нысанның 40%-ы жабылған

"Пандемия кезеңінде экономикалық көрсеткіштер шамамен 30-40%-ға төмендеді. Бұл 2019-2021 жылдар аралығы. Осы 2 жылда қызмет көрсету, тамақтану, балаларды тәрбиелеу сынды салалар қатаң бақылауда болды. Әрине, бұл олардың жұмысына салдарын тигізді", – деді Болат Омаров Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің бизнес-қоғамдастық алдындағы есептік кездесуінің кулуарында.

Ол бүгінде барлығы біртіндеп, қалпына келіп жатқанын атап өтті.

"Кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді, коронавирус жұқтыру дерегі азайды. Сондықтан саладағы жағдай жақсарады деген үміттемін", – деді басшы.

Дәурен Ерболат

Фото: Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу