Нұр-Сұлтанда пәтерлерді заңсыз сатқан құрылысшылар жауапкершілікке тартылды

504

Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша іс қозғағаған. 

Нұр-Сұлтанда пәтерлерді заңсыз сатқан құрылысшылар жауапкершілікке тартылды

"Нұр-сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ жыл басынан бері пәтерлерді заңсыз сатқаны үшін астаналық құрылысшыларға қатысты 16 әкімшілік іс қозғаған (ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы), деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Басқарма басшысының орынбасары Ерлан Бердалиннің айтуынша, құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып, сондай-ақ заңға қайшы салынып бітпеген үйлердегі пәтерлерді сатқан.

Басқарма 3 құрылыс салушыға қатысты талап-арыздарды сотқа жолдап, нәтижесінде, "Шанг Хи Групп" ЖШС, "ExpoNewLife" ТК, "Roztal" ЖШС, "Family Park" ТК, "Mainstreet" ЖШС және "Парус" ТК пәтерлері заңсыз сатылғаны анықталды.

Бүгінде жоғарыда аталған компанияларға қатысты Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша іс қозғағаған. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

"Пәтерлерді заңсыз сатуды болдырмау үшін біз мұндай іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отырмыз", - дейді Ерлан Бердалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу